Жанар Айжанованың қызы енесімен сыйыспай күйеуімен ажырасып кеткенін айтты

0
83539

Елімізге белгілі әнші, актриса Жанар Айжанова жиенді болды. Бұл туралы әншінің қызы Айжұлдыз Адайбекова өзінің ресми парақшасында жариялады.

Айжұлдызд перзентханадан жалғыз шықты. Осындай қиын-қыстау және қуанышты сәтте жанында күйеуі Қыран болмады. Бұл көпшілікті терең ойға қалдырған еді. Айжұлдыз осы сұраққа нүкте қойды.

«4 айлық қорқынышты токсикоз. Қауіп-қатер. 9 айда 2 ота. Бұл мен үшін оңай болған жоқ, бірақ мен оны жеңіп шықтым.

Жарық дүниеге қош келдің, менің кішкентай Назарым.

Мен сені шын жүректен күттім. Ия, 9 ай ішінде сіздер «Қыран қайда?» деп сұрадыңыздар. Біз баяғыда ажырасып кеттік.

Мен жеке өмірімді қызу талқыламаймын. Мен құрбан емеспін. Бірақ мен әлі де бір нәрсе айтамын – және маған Келін-Ене тақырыбы әсер етті.

Менің ойымша, бұл жерде бәрі түсінікті. Өткенге алғыс айтамыз, бірақ біз алға жылжудамыз» – деп жазды Айжұлдыз парақшасында.

Сонымен қатар, ол Стористерінде «Келін деген құл емес. Қазір 21 ғасыр» деп пост салды. Осыдан-ақ оның келіндік өмірге дайын болмағанын бағамдауға болады. Ол ажырасуымызға «Келін-Ене» тақырыбы әсер етті» деп пост салғанына қарап, оның енесімен тіл табыса алмағанын аңғаруға болады.