Жанар Айжанова әже атанды

0

Елімізге белгілі әнші, актриса Жанар Айжанова жиенді болды. Бұл туралы әншінің қызы Айжұлдыз Адайбекова өзінің ресми парақшасында жариялады.

Оның айтуынша, Айжұлдыз Адайбекова 7 мамыр күні босанып, ұлды болыпты.  Ол сәбиін Назар деп атапты.

Сонымен қатар Айжұлдыз бұл сүйінші хабарды қалың көпшілікпен жақын арада ресми бөлісетінін айтты. Сол жерде отбасына байланысты барлық мәселені ашып айтатынын да жеткізді. Алайда Айжұлдыздың анасы Жанар Айжанова ол жайында ешқандай мәлімдеме жасамады.