«Үйленіп жатыр ма?»: Димаш Құдайбергеннің ақ көйлек киген аруға сақина таққан видеосы тарады

0

Отандасымыз сұхбаттарының бірінде болашақта жұбайын ешкімге көрсеткісі келмейтінін айтқан

Желіде әнші Димаш Құдайбергеннің ақ көйлек киген аруға сақина таққан видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандасымыз осыған дейінгі сұхбаттарының бірінде жеке өмірі құпия болғанын, болашақта жұбайын ешкімге көрсеткісі келмейтіні туралы айтқан.

Жуырда YouTube желісінде әншінің ақ көйлекті арудың саусағына сақина тағып жатқан видеосы тарап, желі қолданушылары екіұдай күйде қалды. Бірі құттықтап жатса, енді бірі бұл жарнамалық видеоролик екенін айтты.

«Димаш балам, бақытың баянды болсын, жандарым!», «Димаш балам, әлемдегі бар жақсылықты тілеймін! Ғұмыр жастарың ұзағынан болсын!», «Ол өзінің жеке өмірін ешқашан көпшілікке жария етпейді. Өте орынды», «Бұл жарнамалық видеоролик қой», «Олар жарнамаға түсіп жатыр», «Димаш үйленіп жатыр ма? Бақыттарың баянды болсын!», «Бұл шынымен болғанда Димаш үшін қуанар едік. Қыз бала өте әдемі екен», — деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін Димаш Құдайбергеннің ата-анасы болашақ келіндеріне бір ғана талап қоятынын айтқанболатын.