«Тыржалаңаш фотоңды салам деді»: Түсіпбаеваны бопсалап жүрген кім

0

Қазақ эстрадасының жұлдызы Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіде өзін белгісіз біреулер қорқытқанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, әлдекімдер оған тыржалаңаш суретін ғаламторға жүктеп тастайтындарын айтып бопсаламақшы болған.

Меруерт Түсіпбаева бұл жағдайдың Instagram желісіндегі бір даулы мәселе туралы жазбасына қатысы бар деп ойлайды. Себебі қауіпті хабарламалар әнші өз ойын ғаламторда жариялаған соң келе бастаған.

Бейтаныс адамдар эстрада жұлдызына оның тыржалаңаш жатқан фотоларын таратып тастайтынын айтып қорқытпақ болған. Алайда, өнер иесі өзінде ондай форматтағы суреттер жоқ екеніне кәміл сенімді болған соң, олардың сөздерін елемеген. Меруерт Түсіпбаева басынан өткен бұл жағдай жайлы «Paparazzi» бағдарламасында ашып айтты.

«Мен сол кісі деп нақты айта алмаймын. Бірақ, сол уақытта балаларды қорлап, оларға қарбыздың қабығын жегізен еркек туралы жазып ежім. Ол кісі ме? Ол емес пе нақты білмедім. Бірақ, маған кәдімгідей WhatsApp желісінен қорқынышты хаттар келді. Мен оларды балама көрсеттім. Мен сенің тыржалаңаш жатқан фотоңды саламын деген хаттар келді. Құдайға шүкір енді мен еш жерде тыржалаңаш жатпаппын. Бірақ, қазір фотошоп деген бар. Заман өзгерді. Осыдан бес-алты жыл бұрын тойға барып, халықтың арқасында джип мініп, коттеджде тұрдық. Енді қайтаратын уақыт келді» , — деп ағынан жарылды Меруерт Түсіпбаева.