Түркия эстрада жұлдызы ән ұрлаған қазақ азаматын сотқа беру үшін Қазақстанға келді (ВИДЕО)

0

Шетелден рұқсатсыз ән ұрлағандардың бірі – жас әнші Нұрсұлтан Нұрбердиев. Өнер иесі түркиялық Мұрат Япрактың әнін алып, қазақша сөз жаздырып алған. Ал мұны білген түрік әншісі отандасымызды сотқа беру үшін арнайы Қазақстанға келді.

 

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрсұлтан түрік әнін ғаламтордан кездейсоқ көріп қалып, ұнатып қалған. Рұқсат сұрау ойына да келместен, әнді өз қоржынына қосып, тіпті бейнебаян түсіріп үлгерген. Ал мұны естіген әннің алғашқы орындаушысы ашуға мініп, тіпті отандасымызды сотқа беру үшін арнайы Қазақстанға келіпті.

“Түркияда плагиатқа кешірім болмайды. Арнайы ұйым бар сол шешеді. Бұл әнді жазып шығуға бір жыл уақытымды сарп еткенмін. Қалайша оны оп-оңай ұрлап алғанын түсінбей қалдым. Әнді маған ютубтан достарым көрсетті. Содан мен ол әншіні іздей бастадым. Қазақстанда тұратынын анықтадым”, – дейді Мұрат Япрак.

Дегенмен Нұрсұлтан өліспей беріспеймін деп отыр. Ол алдағы уақытта Мұрат Япракпен кездесіп, оның тілін таппақ ниетте.

“Авторымен жолығып, шешуге тырысамын”, – дейді Нұрбердиев.