Төреғали Төреәлі ұлына ерекше есім қойды
Жақында Төреғали мен жары Толқынның бесінші сәбиі дүниеге келді. Әнші ат ұстарына “ТөреМұхаммедӘли” деген есім қойды.
Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.
Желі қолданушылары Төреәлі әулетін құттықтады. Кейбірі балаға ауыр есім берілгенін жазды.
“Негізі өте ауыр есім, дегенменде, соны алып жүре алатындай мықты азамат болсын”, “Ауыр есім екен. Балаға жеңіл есім қойған дұрыс еді… Есімінің ауырлығы болмай аман-есен өсіп кетсін”, “Ерекше есим болды ғой, атына заты сай азамат болсын”, “Ғұмырлы болсын! Атына заты сай азамат болсын”, “Ту ұстар азамат болсын! Әулеті жетпеген қошеметке жетсін!”, – деп жазды желідегілер.