Тойда сүйіскен жігіт мән-жайды түсіндірді

0

Болған жағдайды толық білу үшін Kznews.kz тілшісі Шерхан Пірназаровқа хабарласты. Актер күнде жасалынып жатқан кибербуллингтен шаршағанын, көбісі шындықты білмей жатып, актерді балғаттап жатқанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, актриса Ақбота Нұр өткен аптада 25 жасқа толған туған күнін шоу-бизнестегі достарымен дүркіретіп атап өткен болатын. Кеште асаба ұйымдастырған ойын кезінде екі актер жігіттің сүйіскен видеосы желіге тарап, халық арасында дау тудырған. Видеоны Instagram желісіне Baha Puper атты блогер салған.

«Мен халықтың алдында ақталғым келмейді. Өйткені, тағы да ақталып жатыр, кінәсі бар деп ойлауы мүмкін. Мен тек бар шындықты айтқым келеді. Сол кеште командалық ойын болды. Біздің топ жеңіске жетті.Сол сәтте қуанғаннан барып бетінен сүйдім. Ал, біздің блогерлер басқаша ракурстан түсіріп, желіге салған. Негізі, хайп қууды тоқтату керек деп ойлаймын. Мен сондай хайптың құрбаны болып отырмын. Baha Puper хабарласып, кешірім сұрады. Өткен нәрсеге мен не істей аламын?
Тойдағы қонақтар, достарым, әріптестерім біледі, мен отбасылы адаммын. Құдай сақтасын, елдер айтып жатқан адам емеспін. Кішкентай қызым бар, жақында екінші сәбиіміз дүниеге келеді. Мұндай дау отбасыма да оңай тиіп жатқан жоқ. Сондықтан, халық шындыққа көзі жетпей, адамды қаралауды қойса деймін. Біздің салада осындай ақпаратты таратып жүрген провакаторларға тоқтаңыздар дегім келеді. Адамның тағдырымен ойнамаңыздар. Адамның психикасына кері әсер етуде мұның барлығы. Күнде желіні ашсам, мені жерден алып, жерге салуда… » деп актер жан сырымен бөлісті.