Танымал актриса Әсел Сағатова кинопродюсерлікке бет бұрды…

0

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғимаратында мемлекеттік қаржылық қолдаудан үмітті киножобалардың ашық қорғауы өтуде. Бес күн бойы (8-10 қыркүйекте Ұлттық кітапханада, 13-14 қыркүйекте ҰКҚМО ғимаратында) кино индустриясы мойындайтын мамандардан құралған ұжым кейін Ведомствоаралық комиссияның қарауына жіберілетін жобаларды іріктейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстанның Халық әртісі Досхан Жолжақсынов төрағалық еткен Сараптама кеңесі өтінімдердің рекордтық санын – 510-ға жуық өтінімді қарастырды. Салыстыратын болсақ, конкурсқа 2019 жылғы 109, ал 2020 жылы 226 өтінім берілген.

Нәтижесінде қорғауға 149 жоба жіберілген.

Биыл мемлекеттік қаржылық қолдаудан үмітті киножобалардың ашық қорғауына «Қазақфильм» киностудиясының 42 жобасы жіберілді. Кинопродюсер ретінде өзін сынап көруге бел буған танымал актриса Әсел Сағатова екі қызықты жобаны таныстырды. Біріншісі – фэнтези стиліндегі киберпанк, референс ретінде Marvel студиясының «Джессика Джонс» атты танымал сериалын алған. Бұл картина арқылы отандық кинода алғашқы суперқаһарман әйел бейнесі пайда болады. Авторлар фильм режиссері ретінде Жасұлан Пошановты көреді. Екіншісі – «елес қала» туралы мистикалық триллер. Негізгі локация ретінде Арқалық қаласы ұсынылған. Ә.Сағатованың айтуынша, «ол қалада мұндай жобаны түсіруге арналған, үрей туғызатын жерлер көп».

Барлық жобалар қорғалып біткеннен кейін, мемлекеттен өз фильмдеріне қаржы алатын жобалар тізімі анықталатын болады.