«Сені бай да, Құдай да алмайды»: Айнұр Тұрсынбаева жүйесіз сөз айтатындарды сынады
Белгілі айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева сөз құдіретіне қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айтыс өкілі 35 жасқа жеткенше тұрмыс құрмаған қыздың оқиғасын айтып берді.
“Жақында қабылдауыма жас қыз келген болатын. Тұрмысқа шықпаған деп айтайын. Жасы 35-те. Ол қыздан сұрадым: «Тұрмысқа шыққың келе ме?» деп. Ол: «Мен тұрмысқа шықпайтынымды анық білемін» деді. «Қайдан білесің?» десем, әжем маған: «Сені бай да алмайды, Құдай да алмайды» деп айтқан болатын» дейді. Былай қарап тұрсақ, бір-ақ ауыз сөз. Адам соны өзіне қабылдап тұр», – деді айтыскер ақын.
Айтыскердің айтуынша, сөздің құдіреті қыздардың ғана емес, жалпы адамдардың өмір жолына көп кедергі келтіретін көрінеді.
«Сол сияқты білесіздер иә, бір-ақ ауыз сөздің кесірінен қанша отбасы ажырасып кетіп жатыр, қанша адам ішіп кетеді, қанша адам өсіп кетеді, қанша адам өшіп кетеді. Бір-ақ ауыз сөз көбінесе сіздің өміріңіздің астан-кестеңін шығарып жіберуге жеткілікті. Сол сияқты кішкентай кезіңізде сіз естіген «бай болғанша басың аман болсын» деген сөздің өзі де сізге өмір бақи әсер етуі мүмкін немесе «тұқымың тұздай құрысын» деп айта салатын ауыр сөздер бар. Ол да сіздің өміріңізге әсер етуі мүмкін. Сіз дәл қазір ойланып, қарап көріңізші, сіздің өміріңізге ең қатты әсер еткен кімнің сөзі? Осыны ойлап көріңіз. Сіз өзіңіздің проблемаларыңызды жайлап тауып аласыз», – деді ол.
Айта кетейік, Айнұр Тұрсынбаева көрген түстерінің өңінде орындалатынынжасырмаған еді.