Сәуле Әбілдаханқызы алғашқы күйеуі жайлы айтты

0
27279

Белгілі журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы алғашқы күйеуі туралы сөз етті.

Бұл туралы журналист Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

“Өз басым, келін боп ата-ене көрмедім… Экс- күйеуімнің ата-анасы ерте қайтыс боп кеткен екен… жолдасым аға-жеңгесінің, әпкесінің қолында өскен… Шынымды айтсам, мен ата-енем болғанда ғой деп армандайтынмын… тіпті, тұрмыс құрмай тұрғанда болашақ күйеуімді, болашақ қайын ене, қайын аталарымды елестетіп, олар өз ата-анамдай маған тек жақсылық, бақыт тілейтін нөмірі бірінші тілеулестерім болады деп сенетінмін… ата-енемді шексіз, өз әке-шешемдей жақсы көріп, сыйлап, құрметтейтін боламын деп армандаушы едім… ене мен келін арасында болатын небір оқиғаларды естігенде менің ата-енем тек жақсы адамдар болатындығына, өзімнің де жақсы келін болатыныма шексіз сенетінмін… Өкінішке қарай, құдай маған ата-ене бермеді… күйеуімнің өзі де менің өмірімде бар да жоқ еді…

Бүгінгі таңда кейбір ене мен келін арасындағы бітіспес даулардың куәгері боп, ерсі қылықтар мен орынсыз оқиғалар туралы естіп, көріп жатамыз…

«Жақсы жерге түскен келін – келін,

Жаман жерге түскен келін – келсап…», «Жібекті түте алмаған жүн етеді, келінді күте алмаған күң етеді» деп қазақ атам бекер айтпаса керек…

Біреудің әлпештеп өсірген қызын өз еріктерімен құда түсіп, не алып қашып, «аттай қалап» алады да, көп ұзамай «кім жаман – келін жаман» бола қалады… күйеуі көзіне шөп салса да, қол көтерсе де, енесі баласына жамандап ұрсыстырып, ұрғызса да, – келін жаман. Гүл-өмірін, Қыз-ғұмырын арнайды, құдай берген баласын туады, ұрпағын жалғайды, қолынан келгенше сыйлайды, салмағын салмайды, оқуын өзі төлейді, шығынын өзі табады, артық қылықтарын кешіреді, – бәрібір келін жаман…

Жалғыз ұлың мен келінің барына, олар тек жақсылықтарымен қуантып жүргендеріне, тіпті 12 мүшесі сау, аман-есен көз алдарыңда тірі жүргеніне шүкір десеңдерші… барыңды бағаласаңдаршы… бақыттарыңды басынан теппесеңдерші… келін жаман емес, келінін жамандайтын ене жаман!.. Әйел жаман емес, әйелін қорлайтын күйеу жаман!..

«Қыз кезінде бәрі жақсы,

Жаман келін қайдан шығады?..»

Жаман келін жаман байдан шығады….

Ал дүние – қолдың кірі. Бүгін барсың. Ертең жоқсың”, – деп жазды ол.