Санитар дәрігерлер Әли Оқапов мен Диас Абылай қатысқан тойды тексеріп жатыр

0

Әлеуметтік желілерде қазақстандық жұлдыздар мен блогерлер қатысқан тойдың видеосы тарады.  Алматыдағы мониторингтік топ фактіні тексеріп жатыр. 

Кадрлардан басқосу Қазақстанның Халық әртісі Нағима Есқалиеваның ұлы әнші Диас Аблаевтың туған күніне орай ұйымдастырылғаны көрінеді.

Мерекеде Әли Оқапов, Индира Еділбаева және бірнеше Instagram-блогерлер болды.

Қазіргі таңда Алматының мониторингтік тобы бұл фактіні зерттеп жатыр.

«Видео бақылау тобына жіберілді. Іс-шаралардың қай жерде өткенін нақтылайтын боламыз», — деді Алматы қаласы санитария-эпидемиологиялық бақылау департаментінің орынбасары Сәдуақас Байғұбылов.