Сәкенге жарыса сәлем салған әншілердің әйелдері қызу талқыға түсті (видео)
Сәкен Майғазиевке жарыса сәлем салған отандық әншілердің жұбайлары жұртты тәнті етті. Сәкеннің алдында иілгендердің қатарында Ғаділбек Жаңай, “Заман” тобының әншісі Әсет, “Ринголық” Аян Бірбаевтың өмірлік серіктері бар.
Мерекелік кештердің бірінде орын алған көріністі Майғазиев Instagram-дағы парақшасында жариялады.
“Ғадөштің, Әсетжанның және Аянтайдың үйіндегі ақ келіндерімнен мың сәлем! Сәлем салатын келіндер көп болсын. Бата алған қандай жақсы”, – деп жазды Сәкен.
Желідегілердің келіндердің әрекетін қызу талқыға салды. Олардың бір тобы келінге орамалсыз сәлем салған жараспайтынын айтып өтті. Ал ендігілері қандай жағдай болса да, салтты ұстанған келіншектерге риза болды.
Источник: Stan.kz