Сәкен Майғазиев 91 тобының экс-солисі мен Ерке Есмаханның некелескеніне қатысты пікір айтты

0
4220

Азамат Зенкаев пен Ерке Есмахан некелесіп, ерлі-зайыпты атанды. Бірақ бұл жаңалықты екеуі де жария еткен жоқ.

Бұл туралы «Опмай-опмай» бағдарамасында айтылды, – деп хабарлайды stan.kz.

Ерке жолдасынан үлкен. Алайда махаббат жасқа қарамайды деген ұстанымда. Өнердегі әріптестері де бұл пікірге қосылды.

«Ғашықтар бар әңгімесі таусылған, ал махаббат таусылмайтын әңгіме» деген еді ғой Мұхтар Шаханов ағамыз. Сол секілді егер адам ұғынысып тұрса, бір-бірін жақсы көрсе, сезімі болса, ол жасқа қарамайды. Әйел үлкен болса, да ер азаматы үлкен болса да, ол сезімге, сыйластыққа байланысты. Адам кеш үйлене ме, ерте тұрмыс құра ма, әуелі Алланың қалауы болады. Тағдырға не жазылса, солай болады», –  деді Сәкен Майғазиев.