Сахна сыртында бидің түбін түсірген отандық жұлдыздар қызу талқыға түсті

0

Желіде отандық шоу-бизнес қаймақтарының сахна сыртында жұлқына билеген видеосы тарап кетті. Бидің түбін түсірген әншілер желі оқырмандары арасында қызу талқыға түскен.

Аталмыш видеоны өзінің Instagram парақшасына Жазира Байырбекова жүктеген. Онда Тамара Асар, Ғаділбек Жанай, Досымжан Таңатаров, Мадина Сәдуақасова, Серікбол Сайлаубек және тағы да басқа жұлдыздар бой көрсетті.

Өнер иелері сахнаға шықпас бұрын, билеп қыздырынып алса керек.

«Саxнаның сыртында,финалға шығар алдында осындайлар болып тұрады» , — деген жазба қалдырған Жазира. Көпшілік бидің түбін түсірген әншілерге қатысты түрлі пікір қалдыруда.

Бірі олардың жақсы көңіл күймен бөліскеніне риза болса, енді бірі олардың жұлқына билегеніне шүйліккен.

«Сахна сыртындағы атмосфера ерекше екен», «Ғаділбек аға мен Досымжан аға күшті билейді екен» ,»Қандай тамаша көрініс, мерекелік көңіл күй ғой» , «Шошаңдамаса жүре алмайды» ,»Жұлқынып барлығы, ерсі көрінеді» , — деп жазуда көпшілік.