Рымбаева Иманбек туралы: «Онікі жай ғана сәттілік, тіпті маман музыкант емес» (видео)

0

Әнші Роза Қуанышқызы Рымбай Грэмми сыйлығын алған Имамбекті сынады. Онысымен қоймай қазіргі той әндері және фонограмманы қолдану, яғни әнші әнді айтпай аузын ашып тұра беретіні, бұлай етудің дұрыс емес екенін, тыңдарманды алдауға болмайтынын тілге тиек етті.

Роза ханым Имамбектің бұл жетістігін оның жай ғана жолының болуы деп түсіндіреді. Бұндай туындыны компьютермен жасау өте оңай дейді. Қазір компьютер адамдардың басым көпшілігінде бар дейді. Осыдан бір сұрақ туындайды. Қазір адамдардың көпшілігінде компьютер бар. Онда неге, сол компьютер иелері Имамбек сияқты әндердің ремиксін жасап жүлдеге ие бола алмады?

Және Роза ханым былай деді: Имамбек тіпті маман музыкант емес.

Маман музыкант деген жалпы нені білдіреді, тек музыкалық оқу орнында білім алу ма?
Олай болса көптеген музыкалық оқу орындарын бітіргендер неге сондай оқу орындарында оқымаған Құрманғазының, Тәттімбеттң, Дәулеткерейдің, Динаның тағы басқалардың күйлерін ойнап жүр? Олар қазіргі түсініктегі маман музыканттар емес қой. Неге оқыған маман музыканттар оқымаған атақты күйшілерден асып түсер күйлерді шығара алмайды?

Неге оқыған әншілер оқымаған Әміре, Ақан сері, Біржан тағы басқа да атақты, бірақ музыкалық білім беретін оқу орнында оқымаған әншілердей ән шырқай алмайды?
Бір нәрсеге сенімім мол, Роза Қуанышқызы қазақтың ән мен күй өнеріне өте жаны ашитын адам. Журналист сұрақ қойды, сол жерде жауап беру қажет болған соң қысқа жауап берді.

Егер ол кісі сөзін, мен Қазақстанның атын шығарған осындай жаңалықтарға қуаныштымын, дегенмен Имамбектің жолы болды, енді осынысын ары қарай дамыта алса деген тілегім бар. Әйтпесе, компьютермен басқа әнге ремикс жасау ән айтып атын шығару емес қой, деп жылы пікір білдірсе ештеңе жоқ еді деп ойлаймын.
Ол кісінің айтайын дегені де сол еді деп ойлаймын. Айтылған пікірдің сырт көрінісі қаттылау болып, жұрттың атақты әншіге шүйліккен себебі де осыдан шығар.
Бір дана былай деген екен: «Сен досыңмен сөйлескенде, қалай, қандай сөздерді қолданатыныңды ойлап жатпайсың. Себебі ол сенің досың, сондықтан ол сенің айтайын дегеніңді өзі түсінеді».

Сондықтан еліміздің атын шығаруға, өнерін дамытуға көп еңбек сіңірген атақты әншіге түсіністікпен қарайық

Бәрін айт та бірін айт. Бәріміз бір-біріміз үшін қуана білейікш.

Бердалы Оспан, Facebook парақшасынан