Роза Әлқожа: Құдайды ұмытқаннан қорлық қана күту керек
Роза Әлқожаның ойынан туған орамды сөздер желі қолданушыларын ойландырып тастады. Олар әншінің шешен тіліне қайран қалды.
Адамды түсіну мүмкін емес, егер сүймесе!..
*
Күннің бетін тырнап алған адам жоқ.
Тырнағынан кір арылмаған адам көп.
*
Қиялың жетпегенге қолың жетпейді,
Қолың жеткенде қиялыңнан ажырап қалуың мүмкін, бірақ. Өйткені, аңсау мен жерудің арасы тым алшақ емес.
*
Құдайды ұмытқаннан қорлық қана күту керек.
Қорланғандарда бірақ құдай бар.
Құдайы бар кеуде – күн сәулесі түсетін жазиралы далаға ұқсайды.
Жүрегіндегі құдайын құлыптағанға тұманнан басқа түк көрінбейді. Адасқан өзі ғана бар”, – деп жазды әнші.
“Айқын ақиқат пен шындықты тербеп жазатын қыл қаламыңыз өшпесін. Десек те жүректен шыққан даналық.Роза қыз, жазарыңыз көп болсын”, “Роза ханым, мына өлең жолдарың мені өте толғандырды”, “Сіздің сөзіңіз де, әніңіз де жарасып тұрады”, – деп жазды желідегілер.