Ринат Зайытов: Үйде өкініп жылайтын кезім көп болады
Ринат Зайытов мамандығы бойынша жұмыс істемесе де, күнделікті өмірде актер болуына тура келетін сәттердің болатынын жасырмады. Сондай-ақ, ол Димашқа қатысты ойын ашық білдірді, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.
«Димаш — Қытай елінің саясаты. Ал Қытайдың арманы — Қазақстанды жаулау. Қазақстанды жаулап аламыз, сонда Димаш өз әншіміз болып қалады деген мақсаттары бар. Қазір елімізде қытай көп, Аягөзде егін егетін де, басқаны жасайтын да қытайлар. Шет жақтың бәрінде қытайлар тұруда. Өз әкем 4 жасында Қытайдан келген, сол жақта туыстарым көп. Мен олардың саясатын жақсы түсінемін. Мүмкін менің осы ойымнан кейін Димаш олардың құрсауына ермей Еуропаға кетті. Димаштың танылғанынына, ешкімнің ықпалына көнбегенінен ризамын», — деді айтыскер.
Зайытов қазаққа қазақтан басқа ешкімнің жаны ашымайды, қазақтың жанашыры қазақ қана деген пікірде. Сондықтан халықты айтаққа ермеуге шақырады.
«Менің үйде өкінетін, жылайтын, жек көретін кезім көп болады. Бірақ мен сыртқа шыққанда өз елімнің жемқорын да жамандатпаймын. Қазаққа қазақтың ғана жаны ашиды», — деді ол.