Қуандық Рахым: Үйленетін болсам, тыңдарманымнан айырылып қаламын деп қорықпаймын

0

Қуандық Рахым бақытын кездестірген бойда үйленуге дайын екенін айтты. Өнер иесі отбасын құрған жағдайда, бұл жаңалықты елге бірден жеткізуге уәде берді.

 

Бұл туралы Қуандық “Еуразия” арнасының “Кешкі кездесу” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Бұйырғаны болады. Мен тойдан қашпаймын. Алла Тағала басымызға кімді жазады, бақытымды кездестірген бетте бірден үйленемін. Тыңдарманымнан айырылып қаламын-ау деген ниет болмайды. Егер тапсам, бірден отау құрамын”, – дейді Қуандық.

Сондай-ақ, Қуандық 2018 жылы 30-ға жуық ән жазылғанын айтты. Ешқандай бейнебаян түсірмегенін атап өтті. Есесіне ол ата-анасына Қарағандыдан зәулім үй тұрғызып берген.

“Құдай қаласа, осы бір айда кіріп қаламыз деп отырмыз”, – дейді Қуандық.