Қос жігітпен сүйіскен Жолдыбаева елдің қызу талқысына түсті (видео)
Қырғызстандық әншімен клип түсірген Кәмшат Жолдыбаева су жаңа туындысында қос жігітпен сүйісіп, көпшіліктің сынына қалды деп жазады NUR.KZ.
Әншінің «Тыңда мені» атты су жаңа әніне түсірген шытырман оқиғалы бейнебаянын тамашалаған желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды.
Олардың бір бөлігі Кәмшаттың актерлік шеберлігіне таңғалса, екіншілері оның қос жігітпен қатар сүйіскенін ұнатпай қалған.
«Ел алдында жүрген соң, өзінің ұрпақ тəрбиелеп жатқанын түсінуі керек. Оның осы клипін қолдайтындар көп екен демек, үлгі тұтады, сол сияқты жүргісі келеді. Өскелең жастарды бұрыс жолға салуда «, «Мынау тым ұят. Жасы болса келіп қалды. Дені дұрыс клип түсірсе қайтеді екен?», «Осы екеуімен сүйіспесе де, клип жақсы шығатын еді ғой».
«Тым жасанды», «Мақтаған қыз тойды бүлдірер» болыпты ғой», «Кезінде жақсы әндермен жүректі жаулайтын едіңіз. Өкінішті», — деп пікір білдірді әншінің тыңдармандары.