Қажылыққа бару, шетелге шығу: Отандық жұлдыздардың Жаңа жылға жоспары қандай?

0

Әдетте, қаңтар айында шығармашылықты бір шетке ысырып, өздеріне демалыс жариялайтын жұлдыздар биыл да аталған үрдістен жаңылмақ емес. Жыл бойы тынымсыз еңбек ететін олар, 2019-дағы алғашқы саяхаттарын да жоспарлап қойған. Ал, әртістер қауымы отандық туризмді қолдай ма? Әлде шекара аспақ па? Қысқы демалыста кім, қайда өткізеді? Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі дәл осындай сансыз сауалдарды шоу-бизнес өкілдеріне жолдаған еді.

 

«Қазір ұялы телефоннан бас алмаймыз ғой. Заманның талабы солай. Бірақ, кішкене шаршайсың. Ойды сергітіп қайту үшін, жыл сайын шет елге шығып тұрамыз. Мен 2017-ші жылдың қаңтарынан бастап шет елге шығуды дәстүрге айналдырған сияқтымын. Ол уақытқа дейін ел көріп, жер көруге деген құмарлық болмапты. Тек өнермен айналыса беріппін ғой. Өткен жылы Таиландқа барған едім. Қазір келер жылдың жоспар құрып жатырмын. Мүмкін Дубайға немесе Таиландтың басқа аралдарына барармыз. Шет елге демалысқа барсаң өзгеріп, керек нәрселерді өзіңе түйіп қайтады екенсің», – дейді Ернар Айдар.

Әр жылы қысқы демалысын өзіне арнайтын Асхат Тарғынның қаңтардағы жоспары тым басқа. Жаңа жылдың басында ата-анасына ерекше тарту жасауды жоспарлаған хитмен, осы қыста перзенттік парызын орындауға ниетті екенін айтады.

Қажылыққа бару, шетелге шығу: Отандық жұлдыздар Жаңа жылға қандай жоспар құрып отыр?

«Алла амандығын берсе қаңтар айында ата-анамды умраға апарғым келеді. Әкем 73 жасқа таяп қалса, анам 66 жасқа келді. Енді оларға қай уақытта сәті түсер дейсіз, олардың күш-қуаты барда, менің мүмкіншілігім барда сол анам мен әкемді құлшылық жасауға апаруға ниет қылып жатырмын», – дейді Асхат Тарғынов.

Жұмыс кестесі тығыз Сәкен Майғазиев те жанұялық жоспарды құрып қойған. «Музарттық» әншінің отбасы осы жылы шекара асқаннан гөрі, отандық туризмді қолдағанды құп көреді.

Қажылыққа бару, шетелге шығу: Отандық жұлдыздар Жаңа жылға қандай жоспар құрып отыр?

«Жылдағыдай отбасымды қуантқым келеді. Екінші қызым Мәриям Дубайда бір жасқа толған болатын. Туған күнін сол жақта өткізген едік. Сол бір жаста тойлаған туған күнін әлі ұмытпай жүр. Қазір үшке елді. Екі сөзінің бірі Дубай, Дубай! Солардың арманын орындасам деген ниет бар. Биыл жұмыс кестесінің тығыздығынан көп уақыт болмайтын сияқты. Бірақ он күн немесе бір апта уақыт тапсам, Сарыағашқа бару жоспарымды бар. Әрине, ел көрген, жер көрген жақсы. Төртіншім Сәфия әлі кішкентай болғанымен, көнбіс, шыдамды. Жолға да жарайтын сияқты. Келер жылдың басында отбасымды алып, өзіміздің отандық туризмді қолдауға дайынбыз», – дейді Сәкен Майғазиев.

Ал, Қыдырәлі мен Қарақат үшін қаңтар айы отбасымен уақыт өткізетін ерекше кезең. Жұлдызды жұп бес баласын ертіп, биыл Бурабайдың табиғатын тамашалауға құлшынып отыр.

Қажылыққа бару, шетелге шығу: Отандық жұлдыздар Жаңа жылға қандай жоспар құрып отыр?

«Күнделікті өмірде балаларымызға көп көңіл бөлетін уақыт болмай жатады. Елімізде Бурабай немесе Қатонқарағай деген сияқты ғажап жерлер бар ғой. Қаңтар айында сол жаққа барып шана тепсең, атқа мінсең, боранның арасында тұлып киіп алып жүрсең жақсы ғой. Балалық шаққа қайта оралатын жерге балаларды апарып, таза ауа жұтып, серуендегенді жақсы көреміз. Биыл Бурабайға барамыз. Балаларымызды ертіп аттың шанасын теуіп, шаңғы тебу – біз үшін үлкен мереке», – дейді Қыдырәлі Болманов.

Жыл сайын «Rin’Go» тобы мұхит асып, қысқы демалысты ыстық жақта өткізетін. Биыл бойзбендтің жоспары өзгерген. Аталмыш төрттіктің әншісі Аян Бірбаевтың айтуынша, қаңтардағы саяхат Қазақстанда өтеді екен.

Қажылыққа бару, шетелге шығу: Отандық жұлдыздар Жаңа жылға қандай жоспар құрып отыр?

«Біз жылда шет елге ұшатынбыз. Бірақ осы жылы шет елге бармаймыз. Өйткені, қызым әлі кішкентай. Биыл өз елімізде боламыз. Отандық туризмді дамытуға, еліміздегі демалыс орындарын қолдауға қолұшымызды бермекпіз. Таулы жерлердің бірін жоспарлап отырмыз. Балалармен таудан сырғанап, шаңғымен, сноубордпен серуендемекпіз. Бір апталық турларға бару ойда бар. Жаңа жылдағы демалысымыз ерекше болады деген ниеттеміз», – дейді «Rin’Go» тобының әншісі Аян Бірбаев.

Источник: Stan.kz