Қазақстандық жұлдыздар жас кездерінде қалай киінгендерін айтты

0

Отандық жұлдыздар жас кездерінде қандай киінгендері туралы айтты. Бұл туралы  НТК арнасы көрсетті.

Өздерінен үлкен аға-әпкелерінің киімдерін кигендерін жасырмаған қазақстандық жұлдыздар өздерін бәрібір сәнқой санағандарын айтады. Тіпті аз ақшамен де талғамды киінуге болатындығын айтқан әзілкеш Марат Оралғазин өзінен үлкен ағасының киімдерін киіп өскенін мойындады.

«Енді, біздің кезімізде біз ақша болса барахолкадан киінетінбіз. Одан кейін жалпы біз, 90 жылдарғой енді, ол кезде ағаларымыздың киімін киетінбіз. Менің үлкен ағам бар. Әйтеуір ағамыздың киімін киіп өстік қой», – дейді Марат Оралғазин.

Марат ағасының киімін кисе, актер Шәріп Серік әпкесінің киімдерін кигенін айтты.

«Менің ешқандай ағам болған жоқ, менің үлкен әпкем болды. Сондықтан да мен бала кезімде, әпкемнен қалған киімдерді киетінмін. Кейде «Шако, мына жейдең женский емес па» дегенде, «жо-жоқ мамам алып берді» деп. Ондай кездер де болды», – деп ағынан жарылды.

Бала кезінде әпкесінің киімін киіп, өскенде достарының киімдерін киген актер оның бәрі уақыттың талабы болғанын жеткізді.

«Студенттік кезде сенің киімің жоқ. Бәрі ортақ. Біреудің джинсиын, кофтасын киесің, сөйтіп жүре бересің. Жұқа, анау-мынау жиіркеніш деген ондай мүлдем болған жоқ», – дейді Шәріп.

Ал режиссер Жеңісхан Момышев болса өзінің талғамының жоғары екенін айтады. Бүгінде өзін сәнді серілердің қатарына жатқызатын жұлдыз да киім таппай қиналғанын мойындады.

«Өзімді әдемі киінетіндер қатарына жатқызамын. Өйткені өзім киінуді білем. Бірақ тренд қуып, бір киімнің артынан қумаймын. Өзіме не жарасады соны сатып аламын әрдайым. Бірақ мынандай тренд деп сондай ғана киім жүрмеймін», – Жеңіс Момышев.

Источник: Stan.kz