Қазақстандық әнші Луина Қайрат Түнтеков пен Мақпал Исабековаға пародия жасады (видео)

0

Қазақстандық әнші Луина Жанар Дұғалова, Мақпал Исабекова, Қайрат Түнтековтің даусын, ән айту мәнерін салды.

Луина әлеуметтік желісіндегі парақшасында көңілді видеоның бір бөлімін жүктеді. Видеода ол “Қызық Times” бағдарламасын жүргізетін Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабектің өтінішін орындап, әріптестеріне пародия жасаған еді.

 

“Кімге пародия жасасам болады”, — деп жазды әнші видеоның астына.
Желі қолданушылары әншінің тың өнерін жоғары бағалады. “Түнтековтың аяқ жағы күшті кетті”, “Күшті, жарайсыз. Даусыңыз өте әдемі”,  “Қайрат әдемі кетті”,  “Күшті. Айнытпай салды” деп жазды олар.

Источник: Stan.kz