Қазақ қызының суреті Playboy журналына басылды (Фото)

0

Дзюдодан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және Азия біріншілігінің жеңімпазы, фотомодель Әйгерім Әбдіқалықова аты шулы Playboy журналына сұхбат берді.
Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Әйгерімнің сұхбаты америкалық журналға қазан айында шығады. Дзюдошы ару Instagram-дағы постына журналдың мұқабасындағы суретін қоса салыпты. Айта кету керек Әйгерім Еуропа біріншіліктерінде 4 рет, Азия біріншілігінде 6 рет жүлдегер атанған. Сондай-ақ ол Қазақстандағы грэпплингтен чемпион атанған алғашқы және жалғыз қыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ал одан сұхбат алған журнал ерлерге арналған эротикалық журнал саналады. Алғашқы номері 1953 жылы жарық көрген басылым әлі күнге дейін өз оқырманын жоғалта қойған жоқ.