«Мені дәл осылай еркін етіп тәрбиелеген атам»: Заманбек Нұрқаділовтің тұңғыш немересі «лесби» екенін мойындады

0
3323
Сурет: https://vkurse.kz/ сайтынан алынды

Заманбек Нұрқаділовтің тұңғыш немересі өзінің туа бітті жынысынан айнығанын алғаш рет көпшілікке жария етті. Нұрбибі Нұрқаділова Қазақстанда лесби атанудың қандай болатынын айтып берді. Әңгіме барысында Нұрбибі атасы туралы, күйеуінің қол көтергені, ер адамдардан не үшін қорқатыны жайлы сөз етті, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі КТК телеарнасының «Без фильтров» бағдарламасына сілтеме жасап.

Камила Жусуповамен болған сұхбатта Заманбек Нұрқаділовтің тұңғыш немересі лесби екенін мәлім етті. Бағдарлама қонағы осы ретте бұрынғы күйеуі туралы да айтты.

«Тыныш жүрмейтін адаммын. Әрдайым өз құқымның аяқ асты болмауын қадағалаймын. Екеуіміз жиі ұрысатынбыз. Бірақ сөзбен шешуге келмейтін нәрселер бар. Сондай кездерде ол маған қол көтерді. Тіпті сотқа да бердім, ол жазасын өтеп шықты», – дейді Нұрбибі.

Бүдан өзге аяғы ауыр болып, 18 жасында тұрмысқа шыққанын айтты. Бүгінде бір ұлдың анасы.

«Мен атамның тұңғыш немересімін, атам үшін ең сүйікті, ең сүйкімдісі мен едім. Бәрінің назары менде болды. Қазір маған көбі атаң тірі болғанда саған ұрысатын еді деп жазады. Бірақ мені дәл осылай еркін етіп тәрбиелеген атам. Мен атам қайтыс боларда 11-12 жастамын. Онымен сирек кездесетінмін. Бір есімде қалғаны – атам өте мықты кісі болатын, дауысы зор, күш-қуаты тасып жүретін. Оның жанында адамдар өздерін басқаша ұстайтынына куәмін. Жасы үлкен кісі болса да атама сөз қайтармайтын. Атам тірі болғанда маған мүлде ұрыспайтын еді» – дейді сенімді түрде Нұрбибі.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз