Мейрамбектің ұлы Қайрат Нұртас туралы «пікірін» айтты

Мейрамбек Бесбаев атұстары Абухайыр мен Қайрат Нұртастың достығын көрсететін ролик жариялап, желі қолданушыларын сүйсіндірді.
“Музарт” тобының әншісі ұлының Қайратпен камера арқылы сөйлескен видеоларын жариялады. Ал Қайрат:
“Абухайыр, денің сау болсын. Қайрат аға сені жақсы көреді. Бақытты бол. Мен сенің досыңмын, менің ұлым Нарұл да сенің досың”, – деп жылы лебізін білдірген Қайрат.
Өз кезегінде Мейрамбектің ұлы да Қайратты жақсы көретінін айтады.
“Қайрат Нұртас, мен де сені жақсы көрем. Мен сенің досыңмын. Рақмет, сау бол”, – дейді үш жасар Абухайыр.
Желі қолданушылары Қайрат пен Абухайырдың қарым-қатынасына сүйсініп, жылы лебіздерін білдірді.
https://www.instagram.com/p/BpUpdwwAO5W/
Источник: Stan.kz