Мейрамбек Бесбаев Роза Рымбаеваның өзіне қатысты айтқан пікіріне жауап берді

0

Қазақ халқының сүйікті ұлы Мейрамбек Бесбаевқа “даусы жоқ” деп баға бергені үшін Халық артисі Роза Рымбаеваның басы дауға қалды. Көптеген тыңдармандар сұхбаттың толық нұсқасын көріп үлгерместен, Роза Қуанышқызын жерден алып, жерге салған. Бұл ретте Мейрамбек Бесбаев өнердегі әпкесін жақтап, оған тіл тигізбеуді өтінді.

“Ардақты достар, алып-қашпа сөзге ермей, алауыздық тудырмай әліптің артын баққанымыз жөн. Менің бағамды көтерем деп, менің әпкем – қазақтың біртуар қызы Роза Рымбаеваның беделіне нұқсан, абыройына тіл тигізбейік!” – деп пікірін білдірді ол Instagram-дағы парақшасында.

Мейрамбек Бесбаев Роза Рымбаеваның өзіне қатысты айтқан пікіріне жауап берді

Айта кетейік, Тимур Балымбетовке берген сұхбатында Роза Қуанышқызы Мейрамбектің асқан даусы болмаса да, оны бүкіл халық жақсы көретінін, өзі де жақсы көріп тыңдайтынын айтқан болатын.

 

Stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз