Марат Омаров некесіз туған немересіне 3 бөлмелі пәтер, ал келініне машина сыйлады

0

Әнші Марат Омаров некесіз туған немересіне үш бөлмелі пәтер сыйлады. Енді Көзайым мен оның анасы жеке пәтерлерінде тұратын болады. Сондай-ақ, Омаров келіні Кәмшат Таубайға тігін машинасын сыйлады. Бұл туралы КТК арнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтылды.

Мұның алдында барша қазақстандықтың алдында ДНҚ сараптамасының нәтижесі оқылып, Марат Омаровтың ұлының некесіз туған баласы бар екені белгілі болды. Кәмшат Таубай есімді келіншік бағдарламада Азамат Омаровтың өзін жүкті етіп тастап кеткенін айтты.

Осы бағдарламадан кейін Омаровтар әулеті Көзайыммен араласып, оған қол ұшын созып келеді. Жуырда әнші немересіне Түркістаннан 3 бөлмелі пәтер сыйлады. Енді анасы мен қызы өз пәтерінде тұрады.

«Біздің көбейіп жатқанымыз қуанышты жайт. Мен немереме Түркістан қаласынан 3 бөлмелі үй сыйладым. Келінім Кәмшат өте өнерлі қыз. Ол кәсіби тігінші екен. Сондықтан тігін машинасын сыйға бердім. Бұдан былай Көзайымға неше түрлі көйлек, атасына әртістік костюм тігіп береді деп ойлаймын. Оған риза болдым», — деді Марат Омаров.