Махаббат жасқа қарамайды: Әнші Шахизада 55 жасында тұрмысқа шықты

0
8745

Әнші Шахизада тағы да тұрмыс құрды. Сүйінші хабарды өзі хабарлады. Желідегі оқырманы құтты болсын айтып, бақыт тілеп жатыр.

«Аллаға шүкір. Бүгінгі күн біз үшін ерекше бақытты күн. Махаббат жас таңдамайды. Адамның көңілі қартаймайды. Достарым, Сіздерге мың алғыс. Жақсы, таза көңіл тілектеріңізге. Бақытты болыңыздар, жақсыларым», – деп жазды әнші парақшасында.

Желідегі оқырманы ақ тілегін асыра жазды. Енді бірі әже атанған әншінің бұл әрекетіне таңғалысты.

«Нешінші рет тұрмыс құрып жатырсыз?», «Немереңіз бар емес пе? Кеш емес пе?», «Қазір ажырасу да, үйлену де оңай болған ба, сәнге айналған ба», деп жазды енді бір топ.

Шахизада жолдасының суретін жариялаған жоқ. Оның кім екенін де ашып айтпады.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету