Мәдина Сәдуақасованың өмірбаяны

0

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мәдина Сәдуақасованың өмірбаяны.

 

Мәдина Сәдуақасова 1979 жылдың 8-қыркүйегінде Алматы қаласында, қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі тіс дәрігері, ал анасы француз тілінің мұғалімі болды. Мәдина туылғаннан кейін, көп ұзамай Сәдуақасовтар отбасы материалдық қиындықтарға байланысты қаладан елдің оңтүстігіне көшіп кетеді.

Қызылордаға қоныс аударғаннан кейін әкесі темір жолда жұмыс істей бастайды, ал анасы үй шаруашылығын басқарып, балаларын тәрбиеледі. Олар Қызылордада тұрды және дәл осы қалада Мәдинаның сахнаға деген махаббаты оянды. Мектепті бітіргеннен кейін болашақ әнші музыкалық училищеге оқуға түсіп, оны қызыл дипломмен бітіреді.

Мадина ән айтуды үйде үйренген. Болашақ жұлдыздың алғашқы тыңдаңдармандары туыстары мен көршілер еді. Мәдина кішкентай кезінде үйде магнитофонның дауысын қатты көтеріп, жанын салып ән айтқан кезде ата-анасы көршілерінен шағым естиді екен. Бірде осындай ескертулерден кейін Мәдина бірнеше күн ән айтпай кеткенде, шағымданған көршілерінің өзі «әнші қыздың даусын қашан естиміз» деп, қызығушылық танытып, сұраған көрінеді.

Мәдина 12 жасында алғаш рет «Әнші балапан» деп аталатын музыкалық байқауда өнер көрсетті. Бұдан әрі «Таңғы жұлдыз» облыстық байқауы өтті. Ол бұл байқауға үш жыл қатарынан қатысып жүрді, бірақ әр кезде қазылар алқасы оны іріктеу сатысынан ары өткізбеген екен. Дегенмен, өнерді жан-тәнімен сүйген әнші кері шегінбей, күндердің күнінде жұздызының туатынына сенді.

Сәдуақасованың музыкалық дарыны 13 жасында ашылды. Мәдина дәл осы жасында қалалық жарыстарға қатысуға шешім қабылдайды. Осы музыкалық байқаудан кейін ол өз күшіне сеніп және әрі қарай да музыкалық жарыстарға қатыса бастады. Осылайша, аймақтық байқауларға да жетті.

1999 жылы Мәдинаның «Жас қанат» байқауына қатысуы оның өміріндегі ең маңызды жетістігі болды. Осыдан кейін Сәдуақасовада атақты әнші Роза Рымбаевамен жұмыс істеуге үлкен мүмкіндік туады.

Мәдина халық әртісі Роза Рымбаеваның өнеріне табынып өскен қыз. Адамға өзі таңдаған жолдың дұрыс екенін дәлелдейтін нәрсе – үлгі тұтатын адамыңмен кездесу. Сәдуақасова тек Рымбаевамен кездесіп қана қоймай, онымен дуэт орындады. Бұл «Жас қанат» жастар байқауының жүлделерінің бірі болған болатын. Ол байқауда Мәдинаның жеңімпаз атанды.

Сөйтіп, Мәдина Роза Рымбаеваның арқасында 1999 жылы «Азия дауысы» музыкалық байқауына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Осылайша, жас әнші Алматыда өткен «Азия Даусы» фестиваліне қатысып, бірінші орынды жеңіп алады.

Ал Мәдинаның жетістіктері үшін оның туған өлкесі Қызылорда облысының басшылығы әншіге «Жыл адамы» атағын берді. Әншінің жеңісін облыстағылар ғана емес, қаладағылар да мойындай бастады. Сәдуақасова Қызылордадағы музыкалық училищені «хорға дирижерлік ету» мамандығы бойынша бітіріп, қызыл диплом алады. Сөйтіп, ол «Гүлдер» ансамбліне ән айтуға шақырылды. Бір қызығы, Роза Рымбаеваның да шығармашылық қызметі де осы топтан басталған болатын.

Осылайша, 2000 жылдан бастап Сәдуақасова «Гүлдер» ансамбілінде жұмыс істей бастайды.
2000 жыл Мәдинаның жұлдызы жанған, гүлденген уақыты болды. Осы кезеңде оған көпшілікке танымал болу үшін көптеген ұсыныстар түседі. Сонда Мәдина әр сәтті ұстап қалуға тырысып, өз шеберлігін жетілдіре берді.

Бірақ, нағыз табыс оған 4 жылдан кейін келді. 2004 жылы ол «Махаббат жалыны» әнін шығарып, артынша әнге бейнебаян түсіреді. «Махаббат жалыны» әні оның басты жетістігі болды. Бұл бейнебаян оны бұрын-соңды болмаған атақ даңққа бөлейді. Мәдинаның өзі бұл әнінің ең үздік әндердің қатарына кіргенін Астананың музыка академиясына сабаққа бара жатқанда біледі. Содан ол дәл сол күні Президенттік ансамблмен арадағы келісім-шартты бұзып, Алматыға кетіп қалады. Жылдың соңына дейін ол өзінің «Ән сағаным» атты альбомын жазып, осыдан кейін гәстрөлдік сапарларға аттанады.

Мәдинаға фильмге түсуге де ұсыныс түседі, бірақ бұл оның сахнадағы мансабына кедергі болады деп, ұсыныстан бас тартады. Дәл сол жылдары Мәдинаның жеке өмірінде үлкен өзгерістер орын алды.

2006 жылы Мәдина тұрмысқа шығады. Ол бірінші күйеуімен «Гүлдер» ансамблінде жүргенде танысқан. Сәдуақасованың алғашқы жұбайы Президенттік оркестрде өнер көрсеткен. Бірақ, жас әнші тұрмысқа шыққаннан кейін сахнаға шығуын қояды. Себебі, күйеуі Мәдинадан сахнаны тастауын талап етеді. Сол себептен әнші жұбайының талабына келісіп, әншілікті тастайды. Бірақ, біраз уақыттан кейін ол әнсіз өмір сүре алмайтынын түсініп, 2008 жылы 2 жыл отасқан күйеуімен ажырасып кетеді. Бұл некеде Мәдинаның баласы жоқ.

Мәдина бұл некесі туралы сөз қозғамауды жөн көреді. Өйткені, екінші жұбайына алғашқы некесі туралы сөз қозғамауға уәде берген екен. Ал бүгінде режиссер болып қызмет ететін жұбайы Олжас Смағұлов Мәдинаға толық отбасылық бақыт сыйлай білді.

2010 жылы ол қазіргі жұбайы Олжаспен «Таң қалмаңыз» шоуының түсірілім алаңында танысады. Ол кезде Олжас Смағұлов режиссердің көмекшісі болып жұмыс істеген. Мәдина одан 6 жас үлкен. Бірде Олжас Мәдинадан жасы кіші болса да батылдық танытып, әншіге қоңырау шалып, оған гүл «әкеліп берсем» бола ма деп сұрайды. Ал Сәдуақасова жас жігіттің бұл ұсынысына достық белгі ретінде қарады.

Бірақ, бірінші кездесуден кейін-ақ, олар өмірі мен мінездерінің қатты ұқсайтындарын біле бастайды. Бәлкім, осыдан болар болашақ жұбайы Мәдинаға әрқашан қиын сәттерде қолдау көрсетіп жүреді. Жас ерекшеліктеріне қарамастан, Олжас дәл Мәдинаның туған күнінде оған үйленуге ұсыныс жасайды. Сөйтіп, олар 2014 жылдың ақпанында дүркіретіп үйлену тойын өткізеді. Ал жазда ерлі-зайыптылар алғаш рет ата-ана атанып, ұлды болады. Қазір олардың Әнуар есімді ұлдары бар. Сонда ана атанған әнші күйеуіне бір жылын отбасына арнауға уәде берген екен. Әнші өзі айтқандай-ақ, 2015 жылы «Дауыс» шоуының қазақстандық нұсқасына қатысудан басқа, өз уәдесінде тұрып, бір жыл сахнаға шықпай, уақытын отбасымен өткізеді.

Мәдина өзінің басты мақтанышын махаббат пен түсіністіктен құрылған – отбасы деп санайды. Аналық қуаныш оған үлкен даналық, батылдық және ерік күш сыйлады.

2016 жылдан бастап Мәдина сахнаға қайта оралды, бірақ ол басымдықтарын қайта қарастырды. Әнші бұрынғыдай өзіне көп жүктеме алмайтын болды, ол үшін ең маңыздысы – отбасы. Әнуарды тәрбиелеуде оған жұбайы Олжас көмектеседі. Сәдуақасованың күйеуі отбасының тұңғышы болғандықтан, өзінен кіші інілеріне де қамқорлық көрсетеді.

Мәдина Сәдуақасованың өмірбаяны

2017 жылы Сәдуақасова «Бар дауыспен» атты халықаралық жобаның тәлімгері болды. Бұл байқауда әнші қолдау көрсеткен Ақтаудан келген команда жеңіске жетті.

Ал 2018 жылы Мәдина қазақ кейіпкерлерінің бірі туралы түсірілетін тарихи таспадағы басты кейіпкердің анасының рөлін сомдайтын кастингке қатысып, одан сәтті өтті.