Мәдина Сәдуақасова: Жолдасым маған бірде-бір рет киім алып бермеген

Бұл туралы әнші Paparazzi бағдарламасына берген сұқбатында айтты

0
1382

анымал эстрада жұлдызы Мәдина Сәдуақасованың жолдасы әншінің әперген киімдерін кимейді. Екеуінің киімге деген талғамы екі бөлек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы әнші Paparazzi бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

«Жолдасым маған бірде-бір рет киім алып көрмепті. Өйткені екеуміздің киімге деген талғамымыз әртүрлі. Мен ашық түсті киімдерді ұнатамын, ал ол тек қара, ақ, сұр, көк түсті киімдерді киеді», – деді Сәдуақасова.

Сонымен қатар, әнші жолдасына өзі сатып әперген киімдерді кимегеніне ренжіп қалатынын айтты.

«Шетелдерде, өзге қалаларда жүргенде қымбат киімдер сатып әкелетінмін. Бірақ ол кимейтін. Бастапқыда ренжитінмін. Ол ашық түсті киімдерді кие алмайтынын айтатын. Қазір бір-бірімізге мүлде киім алмаймыз. Әркім өз талғамына сай өзі киім алады», – деді әнші.