Ләйлә Сұлтанқызының отбасында қайғылы жағдай орын алды

0

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының отбасында қайғылы жағдай орын алды. Жақынынан айырылып қалғаны туралы жазды.

Ләйлә Сұлтанқызы қаралы хабарды Instagram парақшасында жеткізді.

Ол аса жантебірентерлік жазба жариялап, көпшілікке бір-бірін дер кезінде бағалау керектігін айтты.

«Кеше көңіл-күйім жабырқаулы болды. Қызықтарыммен бөліскім келген. Ажал айтып келмейді ғой. Жақынымызды жоғалтып қайғы жамылдық. Тірі күнімізде бір-бірімізді бағалайық. Бес күн жалған өмірде сыйласқанға не жетсін?! Әр атқан таңымыз үшін шүкір етейік. Кейде шаршасам, өзімді қамшылаймын, бұл күнге жеткен де жетпеген де бар деп. Бастысы басымыз аман болсын! Ойдағы-қырдағы туған-туыс, дос-жаран аман болсын! Сіздер де аман болыңыздар, оқырмандарым», — деп жазды тележүргізуші.