Күйеуге шығу туралы сөз қозғаған Мақпал Жүнісова елді күлкіге қарық қылды

0

Отандық эстрада жұлдызы, халық еркесі Мақпал Жүнісованың радиоға берген сұхбатында айтқан әзілі жұртты күлкіге қарық қылды. Бұл видеоны әнішінің өзі Instagram парақшасында жариялаған деп жазады NUR.KZ.

«Мен халықтың сөзінен ұйқым ашылып кетті. Әп-әдемі шай бердіңдер, мінеки», -деген Жүнісова видеода.

Ал бағдарлама жүргізушісі әншіге ғашық жігіттер хат жолдап жатқанын айтып қалды.

«Масқара-ай, күйеуге шығып кетемін бе? Баяғыда біреу тоғызыншы рет күйеуге шығайын деп жатып, «Құдай-ай, осылай жүріп, бұзылып кетемін бе?» деп айтқан екен», — деп әзілдеді Мақпал.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары Жүнсіованың күлкісіне ғашық екендерін айтып, ақ тілектерін жаудырды.