Көзге жас алмай көре алмайсыз: Айдар Тұрғанбек жетімдерге арнап бейнебаян түсірді

0

«Жігіттер» тобының солисі Айдар Тұрғанбек «Аман жүр анашым» атты жеке туындысына бейнебаян түсірді. Бір ерекшелігі аталған бейнебаян екі тілде, демек қазақ және ағылшын тілдерінде жарық көрді.

Ата-анасының қамқорынсыз қалған жетім балалардың өмірін көрсеткен бейнебаян кез келген жанның жүргенін ауыртады, оны жыламай көру мүмкін емес.

Әнші кезекті туындысын екі тілде орындаған екен, әрі бұл бекер емес. Балалардың құқығы қазіргі таңда әлем бойынша басты мәселелердің бірі болып табылады. Бейнебаянда тастанды балаларға қатысты ресми сандар да берілген екен. Бұл туындыны көрген көптеген жандар өмірге, балаға деген көзқарастарын өзгертері сөзсіз.

 

Источник: Stan.kz