«Хайп шығар деп ойладым»: Сәкен Майғазиев AZ мен Ерке Есмаханға бақыт тіледі

0

Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаевтың махаббат хикаясына алғашқыда көпшілік сенген жоқ. Қара пиар, хайп деп ойлады халық. Елді былай қойғанда, қасында жүрген әріптестері де ерке әнші мен 91-лік рэпердің махаббатына сенбеген, деп жазады Stan.kz.

Мәселен, Сәкен Майғазиев Ерке мен AZ «жүреді» деген ақпаратты қауесетке балаған. Күні кеше екі жасты өз көзімен көрген «Музарттық» сері оларға ақ тілегін арнады.

«Қауесетке сенбеуші едім, көзіммен көрдім бүгін. Бәрі жақсы болсын. Хайп шығар деп ойлағам, сөйтсем шынында лайық екен. Бақытты болыңдар.

Еркешка, әйел, ана, әже бақытын тілеймін», — деп ақжарма тілегін жеткізді ол.

 

Айта кетейік, 2021 жылдың басында Ерке ұлымен бірге БАӘ-де демалып келді. Ерке мен Азаматтың қарым-қатынасы жайлы қауесет сол кезде тарады. Екеуінің Дубайда бірге түскен суреті желіде жарияланды. Біраз уақыттан кейін Ерке AZ сүйіктісі екенін растады. Рэпер Еркеден 9 жасқа кіші.