Германиялық тыңдармандарына ән салған Қайрат Нұртас елді сүйсінтті (ВИДЕО)

0

Германияда отбасымен демалып жатқан Қайрат Нұртас өзінің неміс жанкүйерлерімен кездесті. Отандық әншінің шетелдік тыңдармандары оны танып қойып, бірден өлең айтып беруін өтінген деп жазады NUR.KZ.

https://www.instagram.com/p/Bsv3td8lJRm/?utm_source=ig_embed

Бұл оқиға туралы шоу-бизнес жұлдызының анасы әрі продюсер өзінің Instagram желісінде хабарлады.

Гүлзира Айдарбекова ұлының неміс жанкүйерлерімен қауышқан сәтін баяндап берген.

Аталмыш видеода хитменнің жанды дауыста ән салып, жанкүйерлерінің қошеметіне ие болып жатқаны көрініс тауыпты.

«Кеше осы ертегідей қалашықта қыдырып жүріп, дәмxанаға кіргенбіз. Германия елінде жұрттың Қайратты танып, бір ән айтып беруін өтініп, қуаныштары жүректеріне сыймай суретке түсіп жатқандары мені қатты қуандырды.

Алғашында қайта-қайта қызметкерлері қарай берді Қайратқа. Біз «бұлар да Корей жігіті деп ойлап тұр-ау» деп ойладық. Бір кезде қолында ұялы телефоны бар бір жігіт жүгіріп келіпті, ютубтан Қайраттың видеосын көрсетіп, «мына жігіт сен бе» деп сұрады.

Қайрат екеніне анық көзі жеткен соң, барып бәріне xабарлап та үлгерді. Сонымен ары қарай не ішіп, не қойғанымызды білмеймін бәрі қаумалап шулап кетті. Ана деген осы екен ғой, баласының әрбір жетістігіне қуанады» , — деп жазған Қайрат Нұртастың анасы.

https://www.instagram.com/p/Bsu1oM7lA3p/?utm_source=ig_embed