Ерке Есмаханның екінші рет ана атанатыны рас па?

0

Жақында ғана су жаңа фильмінің тұсауын кескен Ерке Есмаханның екінші рет ана атанатыны рас па? Елімізге танымал нумеролог Құралай Бақытқызы әншінің болашағына болжам жасады деп хабарлайды «Ел аузында» бағдарламасы.

Нумеролог Еркенің өзіне деген сенімділігінің басым екенін атап өтті.

«Бұл кісінің энергетикасы ашық. Кейіпкеріміздің биылғы жылы махаббатта жолы болады. Отбасы құрып, бала көтеруге қолайлы жыл», – дейді Құралай Бақытқызы.

Айта кетейік, Ерке Есмахан 1984 жылы дүниеге келген. Елімізге танымал журналист Асхат Садырбаймен шаңырақ көтеріп, кейінірек ажырасып кеткен. Әншінің бүгінде алғашқы отбасынан бір ұлы бар.

Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмахан өзінің «Махаббат кафесі» атты су жаңа туындысын көпшілікке ұсынды.

Әнші Шымкентте өткен фильмінің тұсаукесеріне барып, есінен танып қалған болатын.

 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз