Ерке Есмахан трюк жасаймын деп елді күлкіге қарық қылды (видео)

0

Ерке Есмахан трюк жасаймын деп елдің сөзіне қалды. Таиландта демалып жатқан әнші әзіл видео түсіріп, ақыр соңында аяғын көрсетемін деп елден сөз естіді.

 

Видеода Ерке аяғын көтеріп, жаттығу жасап тұрады. Алғаш қарағанда кез келген адам әншінің денесінің иілгіштігіне қайран қалуы мүмкін. Алайда бірер секундтан кейін мұның жай ғана иллюзия екенін көруге болады.

Желі қолданушылары Еркенің бұл қылығын талқыға салды. Олардың басым бөлігі видеоны бірнеше қайталап көргендерін айтып, күлкі сыйлаған Еркеге алғыс айтуда. Алайда кей оқырмандар Еркенің аяғын көрсетіп қойғанына күйінді.

“Жалаңаш түсуге құмар болды ғой бұлар, осы да күлетін нәрсе ма?” “Өзіңнің санаңның, ой-өрісіңнің төмендігін көрсетесін”, “Шешінбеген сен ғана қалып едің”, “Ай Ерке, шығармайтының жоқ”, “Қуғынбай”, – деп пікір білдірді олар.