Ерке Есмахан мен Ninety One тобының бұрынғы әншісі некесін қидырды

0

Эстрада әншісі Ерке Есмахан мен Ninety One тобының экс-солисі Азамат Зенкаев некесін қидырды. Алайда олар бұл жаңалықты көпшілікке жария етпеген.

Бұл туралы «НТК» телеарнасының “Опмай-опмай” бағдарламасында айтылды.

«Жұлдызды жұп біршама уақыт бұрын көңіл қосқан еді. Жұрттан жасырын жүргенімен, көпшілік қос әншінің қол ұстасқанынан хабардар. Кейіннен Ерке Есмахан сүйіктісі бар екенін айтып, махаббатқа бөленіп жүргенін жеткізді. Азамат екеуі қыз-жігіт болып кездесіп жүргенін мойындады. Ал жақын күндері Азамат Зенкаев Еркемен бірге тұрып жатқанын меңзеген еді. Бұл жолы олардың некелі ерлі-зайыпты екені мәлім болды», – деді бағдарлама тілшісі.

Тілшінің мәліметінше, Ерке Азаматтан 7 жас үлкен.

“Ғашықтар бар әңгімесі таусылған, ал махаббат таусылмайтын әңгіме” деген еді ғой Мұхтар Шаханов ағамыз. Сол секілді егер адам ұғынысып тұрса, бір-бірін жақсы көрсе, сезімі болса, ол жасқа қарамайды. Әйел үлкен болса да, ер азаматы үлкен болса да, ол сезімге, сыйластыққа байланысты. Адам кеш үйлене ме, ерте тұрмыс құра ма, әуелі Алланың қалауы болады. Тағдырға не жазылса, солай болады”, – деді «Музарт» тобының мүшесі, «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» директорының міндетін атқарушы Сәкен Майғазиев.

Бұл пікірге эстрада әншісі Абай Бегей де қосылды.

“Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбарымыздың алғашқы әйелі Хадиша анамыз Пайғамбарымыздан 25 жас үлкен болған. Сондықтан мұны дұрыс емес деп айтуға болмайды. Тағдыр қалай жазылса, солай болады”, – деді әнші Абай Бегей.

Ал әнші Әлішер Кәрімовтің айтуынша, Ерке өз жасынан жас көрінеді, әрі Азамат екеуі жарасады. Ол екі жасқа бақыт тіледі.