«Екінші әйел» болуға көнген 10 танымал қазақстандықтар

0

«Екінші әйел» болуға көнген 10 танымал қазақстандықтар

Эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева актер Сәбит Әбдіқалықовтың екінші жары болған. Актерден төрт қыз тапқан Алтынай бүгінде күйеуімен ажырасқан, және екінші рет тұрмысқа шығудан бас тартпайтынын айтқан болатын.

«Екінші әйел» болуға көнген 10 танымал қазақстандықтар

Кеше ғана ұлының бір жасқа толған тойын дүркіретіп жасаған КешYou тобының экс-солисі Жұлдыз Өмірғали әнші Айқын Төлепбергеннің екінші әйелі. Осы уақытқа дейін қарым-қатынастарын жасырып келген жастар бүгінде ортақ ұлдарын жұртқа көрсетіп жүр. Айта кетсек, Айқынның бірінші отбасынан бір ұлы мен бір қызы бар. Және екінші әйел аларда бірінші отбасын ренжітпегенін айтты.

"Екінші әйел" атанған қазақстандық жұлдыздар

Беделді продюсер Баян Алагөзова екінші рет тұрмысқа шығып, өзі де қазіргі күйеуінің екінші әйелі болып келеді. Екі қызының әкесі Бақытбек Есентаевқа тұрмысқа шыққанына өкінгенін мәлімдеген продюсер екінші күйеуімен бақытты екенін әрдайым айтуда. Жасының үлкендігіне қарамастан, махаббат әлемін енді ғана танып жатқанын жар салған Баян ханым жақында үлкен қызын тұрмысқа беруге дайындалып жүр.

"Екінші әйел" атанған қазақстандық жұлдыздар

Кезекте Баян ханымның шәкірті, КешYou тобының экс-солисі Ақбота Сейтмағамбет. Ол актер, әзілмен Дәурен Айдарқұловтың екінші әйелі. Күйеуіне Ибрагим атты ұл тауып берген Бота бүгінде екінші баласына аяғы ауыр. Ал Дәуреннің алғашқы отбасынан үш баласы бар екені мәлім.

"Екінші әйел" атанған қазақстандық жұлдыздар

Тағы да КешYou тобының қыздарына келер болсақ, Айдана Меденова белгілі продюсер Әлішер Нұржановтың екінші жұбайы. Жолдасына бір ұл мен бір қыз тауып берген әнші күйеуінің бірінші отбасынан туған балаларымен жақсы қарым-қатынаста екенін жиі айтуда.

"Екінші әйел" атанған қазақстандық жұлдыздар

Эстрада жұлдызы танымал әнші Қыдырәлі Болманов та Қарақат Әбілдинамен екінші рет шаңырақ көтерген. Олардың махббатарының беріктігіне барша қазақстандықтар қызыға қарайды. Осы күнде төрт ұл бір қыздың ата-анасы атанған жұлдызды жұп елімізге көптеген еңбектерін сіңіріп келеді.

"Екінші әйел" атанған қазақстандық жұлдыздар

Биылғы жаздың басты үйлену тойы Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарованікі болды. Желіде қызу талқыға түскен бұл жұптың біреуі екінші рет отбасын құрып отыр. Бауыржанның екінші жұбайы атанған Альбина тойларында сүйіктісіне ән арнап барша қазақстандықтарды тәнті еткен еді.

"Екінші әйел" атанған қазақстандық жұлдыздар

Өзінен жиырма жас үлкен азаматқа тұрмысқа шыққан Гүлнұр Оразымбетованың бүгінде екі ұлы бар. Күйеуінің бірінші отбасынан не үшін кеткенін жолдасынан сұрамаған әнші ендігі оған қыз тауып бергісі келетін бір сұхбатында айтқан екен.

"Екінші әйел" атанған қазақстандық жұлдыздар

Қазақтың сүйікті әнші қызы Мақпал Жүнісова апайымыз да саясаткер Заманбек Нұрқаділовтың екінші жұбайы болған. Жас айырмашылықтарына қарамастан махаббаттары берік болған отбасының бақыты ұзаққа созылмай, Заманбек ағамыз қайтыс болды. Бірақ сол махаббаттарының жемісі – қыздары Мерей бар.

"Екінші әйел" атанған қазақстандық жұлдыздар

Ер жетіп қалған екі ұлдың анасы, танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы да өз жарының екінші әйелі. Олардың да жас айырмашылықтары көп болғанымен, ұйыған отбасын бұзбағанын және бірінші отбасынан туған балаларымен жақсы араласатынын айтып жүреді.

Источник: Stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз