Динара Қырықбаева өзін «Дикий Арманмен» көңіл қосты дегендерге жауап берді

0

Динара Қырықбаева өзін Арман Жұмагелдиевпен көңіл қосты деп сөз еткендерге жауап берді. Әнші Арманды тек аға деп қана сыйлайтынын айтады.

Әнші көпшіліктің артық сөз айтпайды сұрады. Желідегі парақшасында оқырмандары әншінің “Дикий Арман” лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевпен кездесіп жүр деп топшылады. Оған себепжеліде тараған суреттер. Динара мен Жұмагелдиевтің Түркияда, Дубайда түскен суреттері жария болған еді.

Бұған әншінің жауабы дайын.

“Мен үшін Арман тек жақын ағам. Ағам деп қана сыйлаймын. Араласамын, құрметтеймін. Басқа әңгіме айтудың керегі жоқ. Ондай жеке мәселеде артық әңгіме айтпасаңыздар екен”, – деді ол.

Желідегі оқырманның көпшілігі оның сөзін қостады.

“Ел не демейді, танымал болған соң артыңнан сөз ереді, ол заңдылық”, “Оған бола уайымдаудың керегі жоқ”, “Не үшін біздің қоғам суретке түскен адамды көрсе, басқаша ойлап тұрады? Мүмкін жақсы араласатын шыған”, “Бірге қыдырып жүр ме?”, “Басқа дос жоқ па?”, “Әркім өз өмірін өзі біледі. Кіде кімнің несі бар?”, “Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды”, “Арман жақсы жігітке ұқсайды”, “Артық сөз айтпайық”, – деді олар.