Дәурен мен Ақботаның екінші сәбиі дүниеге келді (ВИДЕО)

467

Белгілі актер Дәурен Айдарқұлов пен «КешYOU» тобының бұрынғы мүшесі Ақбота Сейітмағамбеттің екінші сәбиі дүниеге келде. Қуанышы қойнына сыймаған актер бұл туралы өзінің Instagram-парақшасында жазды.

«Аллаға шүкір, қызды болдым, Рахмет, жаным», – деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол Ақботаны перзентханаға апарған сәтін видеоға түсіріп, оның жеңіл босануына тілек білдірген.

Өз кезегінде желі қолданушылары Дәурен мен Ақботаны қызды болуымен құттықтап жатыр. Көпішілгі екеуіне отбасылық бақыт тіледі.

Айта кетсек, актер мен әншінің Ибраһим есімді ұлдары бар. Ол 2017 жылы маусым айында дүниеге келген.  Дәурен Айдарқұловтың алғашқы некесінен екі қыз, бір ұлы өсіп келеді.

 

Загрузка...