Болат Назарбаевтың қызы Q-pop бағытында ән орындамақ (фото)

0

«BN» тобының бұрынғы солисті Альбина Назарбаева өзін жаңа бағытта сынап көрмек. Танымал әнші біраз уақыт үзілістен соң тыңдармандарын ерекше стилімен қуантты деп жазады NUR.KZ.

Альбина Алматыда өткен JUZ Entertainment Q-pop фестивалінде өнер көрсетті. Жаңа бағытта жарқырай көрінген әншіні тыңдармандары да жылы қабылдады.

«Осы әнді орындап, тыңдармандарыма жаңа леппен оралу үшін 2-3 ай дайындалдым. Шынымды айтсам, өзіме ерекше күш-қуат алдым. Сахнадағы сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұйырса, осы бағытты өзімді әлі де жетілдіріп, алға қадам басуды көздеп отырмын», — дейді жас әнші Альбина Болатқызы.

Әнші болашақта әнге бейнебаян түсіріп, елімізде Q-pop бағытын дамытуды мақсат етіп отыр.

Еске сала кетейік, аталған фестивальге Альбинаның анасы Гүлнұр Назарбаева қаржылай демеушілік көрсетіп, мерекелік кештің жоғары деңгейде өтуіне өз үлесін қосты.