«Балалардан ұят»: Жақында ғана әке атанған Өмірқұл Айниязов немерелі болды

0

Бірнеше ай бұрын ғана үшінші рет әке атанған әнші Өмірқұл Айниязов немерелі болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қуанышты жаңалығын әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Осыдан 4 ай бұрын балалардан ұят болды-ау деп ұлды болып едім. Ал бүгін немерелі болдым ағайын, құттықтап қойыңыздар”, – делінген жазбада.

Жазбаға желі қолданушылары «Ата мәртебеңіз құтты болсын!», «Ондай бақыт әркімге бұйыра бермейді, сондықтан бұл ұят емес», «Құттықтаймын! Анам да мені 45-те дүниеге әкелді», «Не ішіп жүрсің, айтшы?» деген пікірлер қалдырған.

Еске салсақ, бұған дейін Өмірқұл Айниязовтың жүкті келінімен түскен фотосы сынға қалғаны туралы жазған едік.