Баян Алагөзова Дана Орманбаеваны сотта екінші рет жеңіп шықты

0

Орманбаева оған 500 мың теңге моралдық шығын өтейді

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты телекоммуникация желілерін пайдалана отырып өзгенің ар-намысын қорлады деп айыпталған журналист Дана Орманбаеваға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот анықтағандай, 2024 жылдың 3 және 6 сәуірінде Орманбаева оқырманы кең аудиториясы бар  өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтында продюсер Алагөзоваға қатысты әдепсіз түрде қорлайтын сипаттағы бірқатар жазба қалдырған. Осыған байланысты жәбірленуші Алагөзова жеке айыптау тәртібімен сотқа шағым түсірген.

«Сот Дана Орманбаеваның кінәсін дәлелдеді. Орманбаеваның жазасын жеңілдететін жағдай — жас баланың болуы. Жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар жоқ. Осыларды ескере отырып, сотталушы кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сот О.-дан моральдық зиянды өтеу ретінде жәбірленушінің пайдасына 500 мың теңге өндірді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — делінген Алматы қалалық сотының хабарламасында.