“Араб қызы”: Ақбота Сейітмағамбеттің жаңа образы елді ашуландырды (фото, видео)

0
1479

Отандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет Дәурен Айдарқұловпен ресми түрде ажырасқалы елдің аузында.

Бұл жолы қалың көпшілік өнер иесінің жаңа образын талқылап, оған қатысты өз наразылығын білдірген. Олар хиджаб кие бастаған арудың орану тәсілін құптамаған. Желі қолданушыларының ашуын Ақбота Сейітмағамбеттің Instagram парақшасында жариялаған соңғы фотосы тудырған.

Онда әнші ару араб стиліндегі орамал тартып алғанын көруге болады. Алайда, бұған дейін толығымен тұмшаланған өнер иесінің бұл қылығы көпке жақпай қалған. Олар Айдарқұловтың бұрынғы жарын арабтарға елітегіштігі үшін сынға алып, оның жаңа образын қызу талқылап тастаған.

Кейбір желі оқырмандары тіпті Ақбота Сейітмағамбеттің араб жігітке тұрмысқа шыққанын болжап жазды.

“Мұсылмандық – арабтың киімі ғана емес” , “Шейхтің әйелі болған ба? Тұрмысқа шыққан ба?” , “Арабтың киімін дәріптегенше, өзіміздің қазақ қыздарының образын көрсетсе зор болар еді” , “Арабтың еркектеріне ұқсап қалыпсың. Тақсаң да келістіріп тақсай” , “Ойланып киін” , “Шейхтарға ұқсап қалыпсыз” , “Енді арабша сөйлеңдер” , “Түріңді ақыры шығардың-ау” , “Бір күні паранжа киіп шықсаңыз таңғалмайтын болдық” , – деп жазды көпшілік.

 

Айта кетейік, бұған дейін Ақбота Сейтімағамбеттің кешірімді болу туралы жазбасы елді ойландырып қойған болатын. Сонымен қатар, қазақстандық өнер жұлдыздары жақында ажырасып кеткен Ақбота Сейітмағамбеттің оранып кеткеіне қатысты өз пікірлерін айтқан болатын.

kaz.nur.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз