“Әр балаңа 100 доллардан”: Мақпал Жүнісова Қарақаттың отбасына қымбат сый жасады (видео)

0

Жаңа жыл қарсаңында Қыдырәлі мен Қарақат өнердегі әріптестерін үйіне шақырып, оларға ақ дастархан жайды. Өздері сыйласатын өнер иелерін доңыз жылымен құттықтаған Әбілдина бұл күні қонақтарына сыйлық үлестіруді де ұмытпады.

Ол Мақпал Жүнісоваға танымал зергердің қолынан шыққан күміс жиынтық сыйға тартты. Өз кезегінде Халық артисі де аянып қалмады. Жүнісова Қарақаттың өзі мен анасына бағалы сыйлық тарту етті.

Жүнісова Қарақаттың өзіне алтын сырға мен сақина, анасына алтын білезік берді. Сондай-ақ, Әбілдинаның әр баласына сый ретінде 100 доллардан, жалпы 500 доллар ұстатты.

Әріптестері Мақпал Жүнісованың жомарт жан екенін қашанда айтады. Тіпті, Жүнісова қонақ боп барған әр тойдың иесіне гаухар тасты әшекей сыйлауды әдетке айналдырған деседі.

 

Источник: Stan.kz