АҚШ-та тұрып жатқан әнші Лидо коронавирус жұқтырды

0

«Ковид маған да жетті», — деп жазды Лидо стористе.

«Достар, вакцина қайда қалды деп сұрап жатсыздар. Сіздерге қандай ақпарат жеткенін білмеймін, Америкада бізге вакцина ковидтен қорғамайды, тек жұқтырған жағдайда жеңіл өтуіне көмектеседі, деген.

Айтпақшы Дубайдағы қонақ үйде 200-ге жуық адам оқшауланса, оның жартысы егілген», — деп түсіндірді Лидо.

Өнер иесі жалпы жағдайы жақсы екенін, аздап тамағы жыбырлап тұрғанын атап өтті.