Ақбота Сейтмағамбет: Тұрмысқа шығып, шетелге көшуім мүмкін

0
500
Сурет: instagram.com/akbotanurabaykyzy/?hl=ru

Ақбота Сейтмағамбеттің өмірі мен өнерінде түрлі жаңалықтар бар. Әнші жаңа әндер жазып, бейнебаян түсіруді қолға алған. Ал жеке өмірінде, сүйікті азаматы кездессе, шетелге кетуі мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz сайты.

Бұл туралы “Ревю” бағдарламасында айтты.

Ақбота Сейтмағамбеттің шығармашылығында жаңалықтар көп. Әнші әндерін жаңартып, жаңа әндер жазды. Бірнеше әншімен дуэт айтты. Алдағы уақытта Азиз Балтабекұлымен дуэт айтуды жоспарлап отыр. Соңғы кездері әнші фото түсірілімдерге қатысып, имиджін де өзгерткенге ұқсайды.

“Қазір жаңа әндер жазып жатырмын. Жаңа бейнебаян, фото түсірілімдерге барып жүрмін. Екі ұлымды анамның туған әпкесі қарап жатыр. Кейде өз ата-әжесіне апарып тастаймын. Кейде Дәурен қарайды. Қазір балалары мен әкесінің қатынасы жақсы. Араласып жүр. Мен үшін ол жау емес. Ол – балаларының әкесі. Екіншіден, жұмысымыз, балаларымыз, табысымыз ортақ болғандықтан бірге жобаларға қатысамыз. Шақырту алсақ, бас тартпаймыз. Біздің жеке проблемамызға, біздің жеке өмірімізге жұмысымыздың қатысы болмауы керек”, – деді әнші.

Ақбота Сейтмағамбет болашақта Түркияға барып актриса атануы мүмкін. Тіпті тұрмысқа шығып жатса, шетелге көшуден де бас тартпайды.

“Егер тұрмысқа шығып жатсам, шетелге көшуден бас тартпаймын. Бірақ мен үшін туған жерім қымбат. Қазір түрік тілін үйреніп жүрмін. Түркияға анкеталарымды жіберіп жатырмын. Режиссерлерге актриса ретінде өзімді ұсынғаным бар”, – деді Сейтмағамбет. 

Ақбота бір кездері хиджаб киіп, көп ұзамай қайта шешінді. Бұл әрекетін әншінің өзі түсіндірді.

“Хиджабпен екі баламды асырау қиын болды. Шоу-бизнес әлемінде хиджабпен жүру тіпті қиын. Мүмкін өзім де дайын болмаған шығармын. Алдағы уақытта хиджабты қайта киемін деп ойлаймын. Жүрегімде иман бар. Мені даттайтын қыз-келіншектердің өзі оранған қыздар емес. Ал оранған қыздар мені қолдап жатады”, – деді әнші