«Анамның айтқанымен келіспеймін»: Әли Оқапов алғаш рет Рымбаеваға қарсы шықты

0

Әнші Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваның Imanbek туралы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқапов пікірін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

«Кейінгі болған жайттарға байланысты пікір білдіруді ұйғардым. (…) Біріншіден, бұл жерде менің не қатысым барын түсінбеймін. Бұл жанжалға менің не қатысым бар? Ол сұхбатты мен берген жоқпын, ол сұрақтарға жауап берген мен емес.

(…) Негізі менің түк қатысым жоқ. Жалпы осындай жайт болғаны өкінішті. Екіншіден, мен анамның айтқанымен келіспеймін. Мен оны бірден сол күні сұхбатты көрген кезде айттым. Мен анама келіп, оның айтқаны қате екенін айттым», — деді Әли Instagram желісіндегі парақшасында.

Осылайша ол көпшілік алдында алғаш рет анасы Роза Рымбаеваға қарсы шықты.

Еске салайық, жақында әнші Роза Рымбаева Иманбек Зейкеновтің өнеріне байланысты пікір білдіріп, ол «сәттілік» қана деп атаған еді.

«Керек кезде, керек жерде болу. Жолы болып кетті. Оның үстіне ол кәсіби музыкант емес. Бұл жай ғана сәттілік. Ырғағын, мәнерін ауыстырды да қойды, мұның бәрі компьютерде жасалады. Оны remix ретінде бағалады, автор ретінде немесе орындаушы, автор-өңдеуші ретінде емес. Жоқ, ол тек жылдамдығын үдетіп, балаларға тән ән шығып, ырғағы ауысты», — деген еді Рымбаева.