Алтынай Жорабаеваның екінші рет тұрмысқа шыққаны рас па?

0
1998

Осыдан біраз уақыт бұрын Алтынай Жорабаева төрт қызымен Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасып кеткен болатын. Әншінің желідегі оқырмандары «екінші шаңырақ» көтеруімен құттықтауда. Алтынайға қатысты бұл қауесет қаншалықты рас? Ел арасындағы жел сөзге Жорабаеваның өзі жауап қайтарды деп хабарлайды «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Осыдан біраз уақыт бұрын «қыздарым қайта тұрмысқа шығуыма қарсы емес» деп айтқан Жорабаева.

«Жоқ, әрине. Ондай қуанышты жағдай болып жатса, неге бөліспеске? Кімнен жасырамын? Халықтың бәрі ертеңгі күні не болатынын білмейді ғой. Қыздарым өсіп қалды. Күйеуді ойлайтын жағдайда емеспін. Ондай бақытты күн туып жатса, айтамын ғой», – деді Жорабаева.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын әншінің қыздары анасына тұрмысқа шығуға рұқсат бергенін жазған болатынбыз.